Жержаңғақ пастасы

1500,00
тг.
Құрамы:
жержаңғақ, бал, өсімдік майы
100 г өнімнің тағам құндылығы:
Ақуыздар-24,3 Майлар-53,1 Көмірсулар-15,0
100 г өнімнің энергетикалық құндылығы:
635 ккал
0С пен + 7С аралығында, құрғақ әрі қараңғы жерге қойып қойыңыз
Жарамдылық мерзімі:
6 ай.

Дастарханға америкалық колорит қосыңыз! Жержаңғақ пастасын Америкада Peanut butter дейді. Өте тойымды тамақ. Құрамында холестерин жоқ, В1, В2, А, Е, РР секілді дәрумендерге бай. Сонымен бірге темір, мырыш, калий, магний, фосфор, йод сынды микроэлементтерге толы. Вегетариандар мен дұрыс тамақтанатындарға таптырмас тағам. Паста өсімдік майларынан ғана жасалған. Әрі фолий қышқылы мен көп мөлшерде ақуыз бар: талшық мол, демек вегетариандық өмір салтын ұстанатындарға еттің орнына жап-жақсы балама болады. Біздің пастамызды көбіне диетологтар спорттық диета ұстану үшін ұсынады. Егер спортзалда темір көтеретін әдетіңіз болса, жержаңғақ пастасы майды тезірек кетіріп, бұлшықет өсіруге көмектеседі. Құрамында тазартылып қуырылған, ұнтақ жержаңғақ, шамалы май, тұз бен бал бар. Балаларға майдың орнына таңғы асқа не жүрек жалғауға берсеңіз болады. Бір сөзбен айтқанда, жержаңғақ пастасында сізге пайдалы дәрумен көп. Бірақ көп жеп қоюға тағы болмайды. Жақсы дүниенің аз-аздан болғаны дұрыс! Әрине, пастамызды бір жесеңіз, қайта-қайта жегіңіз келіп, тартып тұратыны рас. Түрлі ассортименттегі десерттерді Алматының ішінде жеткізіп береміз. Тапсырыс беріңіз!
Made on
Tilda